LRT-де қауіпті кернеу: эстакададағы қауіпсіздік шаралары туралы не белгілі?

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

LRT-де қауіпті кернеу: эстакададағы қауіпсіздік шаралары туралы не белгілі? ©Tengrinews.kz/Надежда Лыкова

Астанада LRT нысандарында өмірге аса қауіпті кернеу берілетіні туралы ескертуден кейін эстакададағы қауіпек қатысты сұрақ көбейе бастады. CTS компаниясы бөгде адамдардың нысанға кіруі толық шектелгенін айтып, қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада LRT нысандарында өмірге аса қауіпті кернеу берілетіні туралы ескертуден кейін эстакададағы қауіпек қатысты сұрақ көбейе бастады. CTS компаниясы бөгде адамдардың нысанға кіруі толық шектелгенін айтып, қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

LRT-дегі өлімге әкелуі мүмкін кернеу туралы не белгілі?

17 қазанда Астанада тұрғындар мен ұйымдарға LRT-дің кейбір учаскелеріне өлімге қауіпті кернеу берілетіні туралы ескертілді. Кернеудің ең жоғары деңгейі - 20 мың вольт.

Компанияның баспасөз қызметі құрылыс ұйымдары мен тұрғындарды жанаспа рельстерге, кабель желілеріне және жабдықтарға жақындамауға, сондай-ақ, рұқсатсыз станцияларға және жол аймағына кірмеуге шақырды.

Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

Tengrinews.kz сауалына жауап берген CTS компаниясы жоба аясында "жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған ұйымдастыру және техникалық шаралардың кешені" қарастырылғанын мәлімдеді. Компания қауіпсіздік қолданыстағы нормалар мен стандарттарға сай қамтамасыз етілетінін атап өтті.

"Жоба барлық қауіпсіздік талабын сақтай отырып, іске асырылып жатыр. Құрылымдық және технологиялық шешімдер бөгде адамдардың нысандарға қол жеткізілмейді", - деді CTS өкілдері.

Компания рұқсатсыз кірудің алдын алу үшін арнайы инженерлік шешімдер әзірленгенін жеткізді. Бұл инфрақұрылымды қорғауға да, адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігіне қатысты шараларға да қатысты.

CTS мәліметінше, эстакада екі жағынан қоршаулармен жабылған, ал станцияларда бейнебақылау камералары қарастырылған.

LRT нысандарына біреу кіріп кеткен жағдайда жедел әрекет ету мәселесіне қатысты компания бұл бағыт әзірге қарастырылып жатқанын айтты. Ұйымдастыру әрекеттері аяқталғаннан кейін жағдайды бақылаумен айналысатын қызмет анықталады.

Сондай-ақ, станцияларда платформа типтегі есіктер болады: олар пойыз толық тоқтағаннан кейін ғана ашылады. Бұл жолаушылардың қауіпсіз отырып-түсуін қамтамасыз етуге тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети