17 мамыр 2020 13:32

Лукашенко Тоқаевты туған күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  БЕЛТА-ға сілтеме жасап.


Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

17 мамырда ел Президенті 67 жасқа толды.

"Сіздің күш-жігеріңіздің, жауапты және тиімді басқаруыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсімді, мемлекеттік қайта құруда жетістіктерді көрсетіп, халықаралық аренада өз позициясын және беделін нығайтып келеді", - деп жазылған құттықтауда.

Тоқаев туған күнін неге атап өтпейді?

Лукашенко Тоқаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы үлесі мен ынтасын жоғары бағалады.

"Өзара қолдау мен мен достық қарым-қатынас Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, достық, сенімді және әріптестік қатынастарды бекітуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды ол. 

Лукашенко Тоқаевқа зор денсаулық, игілік және көздеген мақсаттарының орындалуын тіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети