ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2020 | 13:32
Лукашенко Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz БЕЛТА-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz БЕЛТА-ға сілтеме жасап.
17 мамырда ел Президенті 67 жасқа толды.
"Сіздің күш-жігеріңіздің, жауапты және тиімді басқаруыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсімді, мемлекеттік қайта құруда жетістіктерді көрсетіп, халықаралық аренада өз позициясын және беделін нығайтып келеді", - деп жазылған құттықтауда.
Тоқаев туған күнін неге атап өтпейді?
Лукашенко Тоқаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы үлесі мен ынтасын жоғары бағалады.
"Өзара қолдау мен мен достық қарым-қатынас Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, достық, сенімді және әріптестік қатынастарды бекітуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды ол.
Лукашенко Тоқаевқа зор денсаулық, игілік және көздеген мақсаттарының орындалуын тіледі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также