ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы қылмысты ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы қылмысты ашты polisia.kz

ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы қылмысты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ ДНҚ-технологияларының көмегімен 2016 жылғы қылмысты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2016 жылы Астанада 80 жастағы әйелді өлтіру оқиғасы тіркелген. Қылмыскер зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оны соққыға жыққан және жасаған қылмыс ізін жасыру үшін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрнетін биологиялық іздерді тапты. Сол іздерден ДНҚ-код алынды.

Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді. Қылмыскер әділдік пен жазадан қашып жүрді.

"Ішкі істер министрлігінің молекулярлық-генетикалық зертханасында бар заманауи технологиялармен ДНҚ-дерекқоры арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша 65 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Министрлік былтырғы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұмысын жалғастырады. Криминалистикалық құралдар қылмыскерді қылмыс жасалған уақыттан қанша жыл өтсе де, дәл анықтауға мүмкіндік береді. Осы мысал жазадан қашу мүмкін емес екенін көрсетеді, - деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Айнұр Сәрсебаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети