Мақсұт Исахов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсұт Исахов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды Мақсұт Исахов. © shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.

Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер.

Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Пернебайұлы еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында қызмет атқарған.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы,  аталған қалада энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети