Мамин ЕҚҚДБ президентімен Үлкен Алматы айналма жолын іске қосу мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин ЕҚҚДБ президентімен Үлкен Алматы айналма жолын іске қосу мәселесін талқылады © pm.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Өткен 27 жыл ішінде ЕҚҚДБ Қазақстанға салған инвестициялар көлемі қаржы, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларында, ақпараттық технологиялар мен коммуналдық қызметтер секторларында, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау бойынша 271 жобаға $9 млрд-тан асты", - деді Мамин.

2019 жылы ҚР өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа да салаларында 750 миллионнан аса сомаға 29 жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Мамин мен Чакрабарти Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы аса ірі жоба - Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын іске асыру мәселесін қарастырды. 

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері т. б. салалардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына зор көңіл бөлінді. 

Кездесуге Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Астан халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы М. Әбілқасымова және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Б. Қамалиев қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети