Маңғыстау мектептерінің бірінде оқушылар жаппай уланып қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалды. Бұл жағдайға Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlmaty.tv-ғасілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалды. Бұл жағдайға Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аlmaty.tv-ғасілтеме жасап.

Бесшоқы ауылындағы (бұрынғы Маңғыстау-5 – ред.) 1-сынып оқушысының туыстарының бірінің мәлімдемесіне сәйкес, №8 мектепте бірінші ауысымның 1-4-сынып оқушылары асханада тамақтанған соң жаппай уланып қалған.

"Қарындасым сабақтан шаршап қайтқанын және ұйықтағысы келетінін айтты. Кешке оянғанда жүрегі айнып, қызуы 39,2 градусқа дейін көтерілді. Біз оны дереу Маңғыстау ауылындағы ауруханаға жеткіздік", - дейді қыздың ағасы.

Зардап шеккен 1-сынып оқушысының туыстары Бесшоқы ауылында аурухананың толып қалғанын және кезек пайда болғанын айтады. Олардың айтуынша, онда 50-ден астам бала болған. Маңғыстау ауылындағы медициналық мекеме 35-40 оқушыны тексерген. Ақтау қаласындағы 26-ықшамауданда орналасқан Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына балаларын жеткізгендер де бар.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер әлі де дәрігерлер көимегіне жүгініп жатқан көрінеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 6 қыркүйектің кешкі уақытынан бері №8 мектептің 21 оқушысы іші ауырып, дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдемге жүгінгенін хабарлады.

"Түскі сағат 13:15-ке дейін медициналық көмекке 58 бала жүгінген. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үйде, бесеуі ауруханада жатыр", - делінген хабарламада.

Қалыптасқан жағдайдың себебін анықтау үшін Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне хабарлама жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro