Маңғыстау облысында ер адам жеті баласының анасын өлтірді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында ер адам жеті баласының анасын өлтірді деген күдікке ілінді Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел қаза тапты. Оның артында жеті баласы қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел қаза тапты. Оның артында жеті баласы қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзенде болған. Қылмыс жасады деген күдік марқұмның күйеуіне түсіп отыр. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ерлі-зайыптының арасында тұрмыстық жағдайға байланысты жанжал шығып, ол қайғылы жағдаймен аяқталғаны алдын ала анықталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети