14 шілде 2024 | 16:54

Маңғыстауда ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастады: жәбірленуші жүкті болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Дәрігерлер күйеуі жұрттың көзінше оны пышақтап тастамақ болған әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дәрігерлер күйеуі жұрттың көзінше оны пышақтап тастамақ болған әйелдің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 шілдеге қараған түні Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына 24 жастағы әйел түскені хабарланды. Оның кеудесінде, ішінде, жоғарғы және аяғында бірнеше пышақ жарақаттары бар.

Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің жүкті болғанына 10 апта өткен.

"Жәбірленушіні кезекші хирургтер, травматолог және реаниматолог тексеріп, жедел түрде операциялық бөлімшеге жатқызды, алдын ала диагноз: іш қабырғасы мен кеуде қуысының сол жағындағы пышақ жарақаттары", - деп хабарлады дәрігерлер.

Қазір ол жансақтау бөлімінде.

"Қазір жағдай тұрақты ауыр. Ақыл-есін біледі. Гемодинамика тұрақты. Жансақтау жағдайында емдеуді жалғастыра береміз", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)

Еске салайық, Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастаған еді. Облыстық полиция департаменті өкілдері ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети