Маңғыстауда күдіктілер туралы ақпарат үшін 2 млн теңге сыйақы ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда күдіктілер туралы ақпарат үшін 2 млн теңге сыйақы ұсынылды

Адвокат Ажар Әбділ марқұм Александр Насибаридің өліміне қатысы бар болуы мүмкін күдіктілердің жүрген жері туралы ақпарат үшін ақшалай сыйақы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Ажар Әбділ марқұм Александр Насибаридің өліміне қатысы бар болуы мүмкін күдіктілердің жүрген жері туралы ақпарат үшін ақшалай сыйақы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Адвокат Instagram-парақшасында күдіктілердің іздеуде жүргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстан кейін олар Ресейге қарай шекара асып, кейін Әзербайжан аумағы арқылы Түркияға бағыт алуы мүмкін.

"Олардың орналасқан жерін анықтауға және ұстауға көмектесетін нақты ақпарат үшін жеке сыйақы жариялаймын – 2 000 000 теңге. Сыйақы кепілдендірілген. Заң шеңберінде анонимдік сақталады", – делінген үндеуде.

Заңгер қылмыс жасалғаннан кейін іздеудегілерді көрген, олармен байланысқа түскен немесе олардың жасырынуына көмектесуі мүмкін әрекеттер (көмек сұрауы, ақша табуы, көлік іздеуі) туралы мәліметі бар азаматтарға үндеу жасады. Сонымен қатар, жарияланымда күдіктілерді жасыру, оларды паналату, көлік, қаражат беру немесе жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ескертілген.

Полиция не дейді?

Маңғыстау облыстық полиция департаменті екі күдіктіге де ресми түрде халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қазір Қазақстан құқық қорғау органдары Ресей Федерациясының құзырлы қызметтерімен бірлесіп, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық арналары арқылы іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Полиция өкілдері ауыр қылмысқа күдікті тұлғаларды жасыру, оларға көмек көрсету (ақша, көлік, баспана беру, жалған мәлімет ұсыну) заң бойынша жауапкершілікке соқтыратынын тағы да еске салды.

Құқық қорғау органдары тергеуге көмектесе алатын қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға немесе көрсетілген байланыс нөмірлеріне шұғыл хабарласуға шақырды.

Александр Насибари. Сурет: instagram/lider.kz_aktau

Істің мән-жайы

Ақтаудың 33 жастағы тұрғыны Александр Насибари 2025 жылғы 24 қарашада үйінен шығып, содан кейін жақындарымен байланысқа шықпаған. Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.

8 желтоқсанда оның денесі бұлақ маңынан табылғаны белгілі болды. Марқұмның денесінен 20-дан аса пышақ жарақаты, сондай-ақ, басынан алған жарақаттар анықталған. Бұған дейін Ажар Әбділ күдіктілердің қазақстандықтар екенін хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети