Маңғыстауда "Сәтті сәрсенбі" тазалық акциясы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда "Сәтті сәрсенбі" тазалық акциясы басталды Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бүгін, 19 маусым күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтаудағы жағажайларды қоқыстан тазарту шарасы ұйымдастырылды. Таңғы сенбілікке облыс әкімі Н.Қилыбай, ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев пен "Жасыл ел" еңбек жасағы және қала тұрғындары қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қала іргесіндегі жағажайлар - жазда халық көп жиналатын орын. Мұнда күн сайын 10 мыңға жуық адам Каспийдің мөлдір суына түсіп, демалады. Сәйкесінше, жағалауда түрлі қоқыс пен полиэтилен, пластик құтылар көптеп кездеседі.

Жағажайларда сенбілік ұйымдастыру бастамасын өңір тұрғындары қуана қабылдады.

Тазалық шарасына қатысушылар ала таңнан бастап бірнеше шақырымға созылып жатқан теңіз жағалауын қоқыстан тазартып, жүздеген қапшықты күл-қоқысқа толтырды. Сонымен қатар жағажайларды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы өңір тұрғындары мен жастарды табиғатқа бей-жай қарамай,
тазалық жұмыстарына ұйытқы болуға шақырды.

Каспий жағалауында бастау алған акция әр сәрсенбі сайын тұрақты түрде өткізіледі. Бүгін ақтаулық белсенді жастар бұл челленджді жаңаөзендіктерге жолдады. Келесі сәрсенбіде тазарту жұмыстары "Кендірлі" демалыс аймағында жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Маңғыстау облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети