Маңғыстаулық жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
mandystaumedia.kz mandystaumedia.kz

"Отбасы банкі" және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банкі" және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұдан былай 35 жасқа дейінгі өңір тұрғындары жастар ипотекасына қатыса алады.

"Маңғыстау жастары үшін жағдай жасап жатырмыз. Жастар бастапқы жарнасы 10 пайыз төлеммен облыстың қалалары мен аудандарында тұрғын үй сатып алуға 10 млн теңгеге дейін және Ақтауда 15 млн теңгеге дейін несие ала алады. Мұндай жағдай қала мен облыс жастарының қызығушылығын тудырады деп ойлаймын. Арнайы сайтта өтінімдерді қабылдау екі аптадан кейін басталады және толығымен ашық болады. Бұл пилоттық жоба және басқа салалардың үлгісі бойынша қаржыландыру көлемі өсетініне сенімдімін. Жастар үшін пәтер мәселесі өте маңызды, бұл жастардың отбасын құруға деген ұмтылысына, шығын статистикасына әсер етеді. Облыс әкімдігінің бастамасын жастар жақсы қабылдайды деп ойлаймын", - деді "Отбасы банкі" басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Облыс әкімдігі жастарға арналған ипотекалық бағдарламаның бастапқы кезеңін іске асыруға 500 миллион теңге бөледі. Әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жергілікті атқарушы орган қалыптастырады. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін әкімдік қатысушылар пулын қалыптастырады.

"Маңғыстау жастары" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар мынадай: өтінім беру сәтінде қатысушының жасы 35 жастан аспауы тиіс, бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы, соңғы 2 жыл ішінде Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуінің болуы, соңғы 6 айда бір адамға шаққандағы табысы 150098 теңгеден аспауы керек, өңірде ресми түрде кемінде 1 жыл жұмыс істеуі керек. Тұрғын үй қатысушының тіркеу мекен-жайы бойынша сатып алынады. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады", - деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro