Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасын қабылдады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасын қабылдады Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президентке инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпандағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын.


Қауымдастықтың мемлекет пен инвесторлар арасындағы дәнекерлік рөлін көрсететін ауқымды күн тәртібі талқыланды. Ең алдымен шешілуге тиіс міндеттер ретінде экономиканы ырықтандыруға, мемлекеттің бизнеске араласуын азайтуға, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге баса мән берілді.

Бұдан бөлек салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы саясатты жетілдіру, жекешелендірудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.

Болат Ақшолақов отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосу жөніндегі ұсынысын жеткізді.

Мемлекет басшысы бұл бастамаларды қолдап, инвестициялық климатты жақсарту және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету тұрғысынан оларды жүзеге асыру маңызды екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети