Мемлекет басшысы “Нұра“ ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы “Нұра“ ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді Ақорда

Мемлекет басшысы "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған. Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар.

Мемлекет басшысына Астана қаласындағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берілді.

Жеңіс Қасымбек елордада қазір 170 қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылып жатқанын айтты.

Бұл жұмыстар Ботаникалық бақта, Триатлон паркінде, Ататүрік, Бейбітшілік және келісім, Президент саябақтары мен қаланың негізгі көшелерінде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, "Мыңжылдық" аллеясын абаттандырудың тұжырымдамасы жасалды. Есіл өзенінің жағалауын реконструкциялау шаралары аяқталуға жақын.

Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға заманауи әрі қолайлы, экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети