Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде берген: бұрынғы ХҚКО қызметкері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде берген: бұрынғы ХҚКО қызметкері сотталды Фото:depositphotos.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ХҚКО-ның бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 15 адамды 200 миллион теңгеге алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ХҚКО-ның бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 15 адамды 200 миллион теңгеге алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот барысында сотталушы А. Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарып жүріп, бірнеше жәбірленушілерге қатысты алаяқтық қылмыстарын жасағаны анықталған.

"Сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,0800 га жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беру, әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасау, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беру үшін, алдап аса ірі мөлшерде жалпы 113 000 000 теңгені алаяқтық жолымен жымқырған.

Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген", - деді сотта.

Сотталушының кінәсі өз жауаптарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, алу хаттамаларымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Прокурор сотталушы А.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленушілер сотталушыға заңға сай, қатаң жаза тағайындауды сұрады.

"Сотпен, сотталушы кінәсін ішінара мойындағаны, шын ниетпен өкінбегені, 14 жәбірленушілердің аса ірі мөлшердегі талаптары жалпы 179 000 000 теңгеден асатын залал соммасы өндірілмегені және жәбірленушілердің кешірім бермегені, заңмен көзделеген бас бостандығынан айыру, қатаң жаза тағайындау пікірлері ескерілді.

Сот, А.-ға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады", - деді сотта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети