"Мен де ашуланып кеттім". Жаттықтырушы Сәпиевпен жанжалға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен де ашуланып кеттім". Жаттықтырушы Сәпиевпен жанжалға қатысты түсінік берді видео скрині

Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман Алматыдағы Naiza 49 турнирінде Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман Алматыдағы Naiza 49 турнирінде Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше біздің Серік ағамызбен осындай жағдай болып қалды. Біріншіден, менің оқушым Зелімхан оның Олимпиада чемпионы екенін білмеген екен. Мен бірден оқушыма бара алмадым, өйткені мені ұстап тұрды. Артынан "Ағай, мен тіпті оның Олимпиада чемпионы екенін білмедім" деп келіп тұр. "Нең бар?" дедім. Шынымен күресіп жүрген, өзі менің залымда тұрып жүрген бала. Жаттығуға алыстан келеді, жалғыз өзі залда тұрады. Сол себепті ренжімеңіздер.

Мен де ашуланып кеттім. Жаттықтырушы ретінде үнемі кішкентай балалармен жұмыс істеймін. Кішкене ашуланып, Серік ағайды күтіп, бардым. Ол кісімен сөйледім. Бір-бірімізге қол бердік. Ол да "Эмоциямен бәрі болады, претензиям жоқ" деп айтты", - деді Александр Гольцман.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Артем Резников (@artem.rez)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети