TSO_story_kaz_final
"Мен Қазақстанда бірінші болуды ғана ұйғардым"
- Сәкен Мұратов
Атыраулық кәсіпкердің жетістік хикаясы
KZ
Ол Қазақстанда баламасы жоқ өндірісті ұйымдастырып, мұнай және газ өндіру секторындағы алып компаниялардың сеніміне ие болды.
Tengrinews.kz "Жетістік хикаясы" жобасының аясында кейіпкеріміздің жеңіске жету жолын баяндайды.
Бастапқы капиталсыз, нөлден бизнес құру күмәнді идея. Алайда, оның қол жетпес арман емес екенін дәлелдеген мысалдар көп. Соның бірі-біздің кейіпкеріміз Сәкен Мұратов.
Сәкен Мұратов Оралда туып-өскен. Бала кезінен-ақ банкте жұмыс істеуді немесе ірі компанияны басқаруды армандайды. Кейінірек балалық арманы "Бизнесті басқару" мамандығын таңдауына себеп болады. 2010 жылы Швейцариядан университет тәмамдаған ол фланец өндіретін италиялық компанияда сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істейді.
(авт. еск. - фланец - бұранда немесе шпилькаға арналған тесігі бар бөлшек, ол құбырларды мығым әрі герметикалық жалғауға арналған)
Бизнесменнің сөзінше, компания ашуда айрықша атап өтер қиындық болмаған. Десек те, салы суға кеткен сәттер де жоқ емес.
"Басында өндірісте жетіспеушілік болды, кейін пандемия. Өндірісті енді ғана оқшаулағанда, яғни шпилькаларды халықаралық стандарттар бойынша импорталмастырудан өткізгенімізде, шетелге қатысы бар компаниялар сырт мемлекеттерден тауар баламасын алдыруды тоқтатпады. Ешқандай да қолдау болмады, осындай кезде екі қолымды төбеме қойып, безіп кете жаздадым. Бірақ ұжымның ұйымшылдығы мен табандылығы бізді бүгінгі жетістігімізге бастады".
Сәкен бірінші жылы компанияның бастымақсаттарын айқындайды: алдымен нарықтағы орныңды дәлелдеп қана қоймай, "Теңізшевройл" (ТШО) және "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." сияқты алыптардың сеніміне ие болу.
Біз аталған компаниялардың өкілдерін өзімізге шақырып, өндіріспен таныстырдық, сапа сертификаттарын іс жүзінде растадық. Олар жұмыс процедураларын жазды, сапа менеджменті жүйелерін енгізді, мұның бәрі халықаралық тапсырыс берушілердің талаптарына сай болу үшін жасалды, - деп еске алады Сәкен.
2019 және 2021 жылдары компания қызметкерлері, соның ішінде Сәкен Мұратовтың өзі де Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) бағдарламасы арқылы ТШО-ның екі тренингіне қатысады.
Қазақстан мұнай өнеркәсібінде өзіндік орны бар, әлемдік мұнай бизнесінде өздерін дәлелдеген компаниялармен жұмыс істеу оңай шаруа емес екені айтпаса да түсінікті. Тапсырыс берушілердің жоғары талаптарына толықтай сай болуың керек. Сондықтан Сәкен өз компаниясында мына үш ұстанымға сүйенеді – сапа, сенімділік және қауіпсіздік. Мысалы, сапа жөніндегі менеджер шикізатты қабылдаудан дайын өнімді таңбалауға дейінгі 5 кезеңнен тұратын өндірісті бақылайды.
"Тапсырыс берушінің талаптары мен сұраныстарының өсуіне орай, біздің тәжірибеміз де артып келеді. Сатып алушылар "Studbolt Manufacturing"-тің ТШО-ның тапсырыстарын тұрақты орындайтынын білгенде, басқа клиенттердің бізге деген сенімі артты. Бұл қамтушы сапасының кепіліне айналды.Әрине, мен ТШО-ның да, елдің де қажеттіліктерін 100 пайыз көлемде қанағаттандырып отырмыз деп айта алмаймын, бұған заңнамалық тұрғыдан да себептер бар, мысалы, шетелдік компанияға салықтық жеңілдіктердің арқасында дайын өнімді әкелуге – тіпті шикізатты әкелуге қарағанда арзанырақ", - дейді Сәкен.
Қазақстандағы халықаралық стандарттары бойынша фланец жалғағыштарына арналған бұрандалы шпилькалардың жалғыз өндірушісі
Сәкен Мұратовтың компаниясы - Қазақстандағы ГОСТ, BS, ASME, DIN халықаралық стандарттары бойынша фланец жалғағыштарына арналған бұрандалы шпилькалардың жалғыз өндірушісі.
2020 жылы компания D класындағы A453 Grade 660 маркалы тот баспайтын болаттан жасалған шпилькалар өндірісін игерді. Ал, компания 2020 жылға дейін А320 L7 және L7M көміртекті болаттан жасалған шпилькалар шығарса, кейінгі екі жылда 60 пайыз никель қорытпасынан тұратын аустенитті болаттан шығарады.
(ред. еск. термиялық өңделген)
(ред. еск. - A453 G660 D)
Бұл болат өте беріктігімен және тотығуға төзімділігімен ерекшеленеді, жоғары және төмен температураның ұзақ мерзімді әсеріне, әрі күкіртті сутегі сияқты агрессивті ортаға төзімді. Мұндай материалдарды пайдалану компоненттердің қызмет ету мерзімін жақсартады және сатып алушыға техникалық қызмет көрсетуді үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің барлық шпилькамыз кесу әдісімен емес, бұранда арқылы жасалады, бұл сонымен қатар өнімнің беріктігі мен қызмет ету мерзімін жақсартады.
Осындай болаттан жасалған шпилькалар мұнай-газ, энергетика, қала құрылысы және автомобиль салаларында таптырмас құрал. Мұндай өнімдерді отандық жобаларда пайдалану жергілікті компаниялардың дамуына, халықаралық деңгейге, нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Мұндай ынтымақтастықтың үлгісі - ТШО-ның Келешеккеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасындағы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) жұмысымыздан көрінуде. ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асыра бастағалы ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 13,6 миллиард доллардан астам қаражат жұмсады. Жобаға тартылған қызметкерлердің 91 пайызы - қазақстандықтар.
Сәкен мұнымен тоқтап қалмақ емес. 2024 жылы фланецтермен қамтуға келісімшарт жасасуды, фланец өндірудің жеке желісін іске қосуды, ал болашақта гаскет (тығыздаушы қабат) шығаруды жоспарлап отыр.
"Адамның қолынан бәрі де келеді, бастысы еңбекқорлық пен ұмтылыс, білікті ұжым. Мен қашан да Қазақстанның индустриалды ел ретінде дамығанын қалаймын", - дейді бизнесмен.

Барлық табысты компания сияқты, "Studbolt Manufacturing"-тің де әлеуметтік жауапкершілігі бар, бірақ Сәкен бұл туралы айтқысы келмеді, өйткені ол жарнама болып кетуі мүмкін дейді.
Өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын міндетті талаптардан басқа, өткен жылдан бастап пластик, қағаз, батареялар және басқаларды сұрыптап, тапсыра бастадық. Мүмкіндігінше өтініш білдірген медициналық және спорттық мекемелерге көмектесеміз, бірақ бұндай шараларды жарияламауға тырысамыз.
Жетістік хикаясы подкаст түрінде қолжетімді
"Атыраулық кәсіпкер бірінші болуды ұйғарды"
Сәкен әркім де ірі кәсіпкер бола алады деп есептейді, ең бастысы – мақсаттарыңды нақты түсіну.
Меніңше табысты бизнестің құпиясы компаниядағы адамдардың еңбегіне, олардың кәсіби шеберлігі мен ұмтылысына байланысты. Сондай-ақ, қызметкерлер біздің қайда бара жатқанымызды және үжымды не үшін құрып жатқанымызды түсінуі үшін мақсат пен міндет айқын болуы керек, - дейді Сәкен Мұратов.
Сондай-ақ, кәсіпкер арманның алдамайтына сенімді.
"Мен ес білгелі кәсіпкер болғым келгенін айтып өттім ғой. Италиядан оралғанда туыстарым менің 6-сыныптағы "Жазды қалай өткізгенім туралы" деген жазуы бар дәптерімді тауып алыпты. Мен онда Маңғыстау облысына сапарым туралы жазыппын. Ата-анаммен Атырауды басып өткенімізді, жолдағы мұнай качалкаларын көргендегі әсерімді жаза отырып, соңында өскенде мұнай индустриясында жұмыс істеп, Қазақстанды дамытқым келетінін жазыппын. Бұл шығармамды армандарымның орындалып жатқандығының дәлелі ретінде сақтап қойдым".

2020 жылдың 11 желтоқсанында "Studbolt Manufacturing" компаниясы "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша ҚР Президентінің "Алтын Сапа" арнайы сыйлығымен марапатталды, ал 2021 жылдың көктемінде өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығының дипломанты атанды.
Бірлескен арнайы жоба
Бизнес-мектеп
"Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?"

https://tilda.cc/page/?pageid=32593290

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети