Мешіттен шығып жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мешіттен шығып жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері табылмай жатыр instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамбетов Асқар Әбдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлұлы көшесі, 18а мекенжайындағы орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлер кейін оны аялдамада көрген, ол Алматыға бағыт алған №54 автобусқа отырған. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы 165–170 см, арық денелі, көзі қара.

Киімі: қара түсті трико, қара футболка, қара сланцы және қара кепка.

Сондай-ақ, ер адамның бағыт-бағдардан адасатыны, психикалық ауруға шалдыққаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети