Италияның "Милан" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Меркель жаңа клубы "Жеңіс" ФК-ның оқу-жаттығу жиынына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AmanVIBE.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, спортшы команда құрамында алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерген. Егер Меркель "Жеңістің" ойыншысы атанса, алдағы Қазақстан Премьер-лигасының маусымы ол үшін дебют маусым болмақ.
Александр Меркель туралы не белгілі?
Бұған дейін Меркель Қазақстан құрамасында ойнаған. Оның дебюті 2015 жылға тұспа-тұс келді - сол кезде ол Исландияға қарсы жолдастық матчте өнер көрсетті. Төрт жылдан кейін жартылай қорғаушыны құрамаға қайта шақырып, Еуро-2020 іріктеуіндегі Шотландия және Ресейге қарсы кездесулерге қосты. Алайда 2019 жылдың наурызынан бері құжат мәселесіне байланысты ойыншыға қайта шақырту түспеген.
Ойыншының ірі жетістігі - 2011 жылы "Милан" сапында А сериясының чемпионы атануы. Сол маусымда футболшы 13 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ, Меркель Нидерланд, Германия, Англия, Италия, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы, Иран және Түркия клубтарында ойнаған. Александрдың соңғы клубы - БАӘ-нің "Легентус" командасы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!