Миллиардер Илон Маск жаңа партия құрмақ

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миллиардер Илон Маск жаңа партия құрмақ Фото:depositphotos.com

Америкалық миллиардер Илон Маск жеке саяси партиясын құратынын мәлімдеді. Жаңа партия "Америка" деп аталады және ол АҚШ азаматтарына "еркіндікті қайтарады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық миллиардер Илон Маск жеке саяси партиясын құратынын мәлімдеді. Жаңа партия "Америка" деп аталады және ол АҚШ азаматтарына "еркіндікті қайтарады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәлімдемесін Маск 5 шілдеде X (бұрынғы Twitter) желісінде жариялады. Бұған дейін ол оқырмандары арасында сауалнама жүргізді. Олардың 65,4 пайызы жаңа партияның құрылуын қолдаған.

"Еліміз ысырап пен жемқорлықтың кесірінен құрдымға кетіп бара жатыр, бұл біз шын мәнінде демократияда емес, бірпартиялық жүйеде өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді. Бүгін "Америка" партиясы сіздердің еркіндігіңізді қайтару үшін құрылды", – деп жазды миллиардер әлеуметтік желіде.

Масктың айтуынша, бұл партия билікке ұмтылмайды, бірақ Сенатта 2-3, ал Өкілдер палатасында 8-10 орын алуға ниетті.

Бұл бастама Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы кезекті шиеленіспен тұспа-тұс келді. Миллиардер бұрын Трампты ашық сынаған болатын.

Еске салайық, Маск республикалықтардың басты сайлауалды жобасы Big Beautiful Bill заңына қарсы шыққан және ол қабылданса, жаңа партия құрамын деп уәде берген. Трамп бұл заңға 5 шілдеге қараған түні қол қойды және ол күшіне енді.

Айта кетейік, Илон Маск - әлемдегі ең бай адам (Forbes бағалауы бойынша оның байлығы - 405 миллиард доллар). Сонымен қатар, ол АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың демеушілерінің бірі саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети