Миллиардтаған жалған тендерлер: 11 көлік, 5 үй, 7 жер учаскесі тәркіленді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миллиардтаған жалған тендерлер: 11 көлік, 5 үй, 7 жер учаскесі тәркіленді Фото:depositphotos.com

Алматыда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде жалған мәліметтер қолданған деген күдікпен төрт адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде жалған мәліметтер қолданған деген күдікпен төрт адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, күдіктілер 2021 жылдан 2024 жылға дейін жалған компаниялар мен құжаттарды пайдаланып, тендерлерді ұтып отырған және өздерінің рейтингін жасанды түрде көтерген.

Схеманы ұйымдастырушылар жалған құжаттар дайындап беру қызметі үшін 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алған.

"Заңсыз жолмен алынған табыстың жалпы сомасы 664 миллион теңгеден асты. Бұл қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік (оның ішінде 5 тұрғын үй мен 7 жер телімі) сатып алынған. Тергеу нұсқасы бойынша, заңсыз әрекеттер нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 70 миллиард теңгеге бірқатар ұйыммен келісімшарттар жасалған", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторында отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік сатып алудағы алаяқтық әрекеттер туралы Парламентте де айтылған болатын. Сенатор Евгений Больгерт Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында құрылыс компанияларының адал емес схемаларын атап өтті. Оның айтуынша, кейбір ұйымдар заңдағы олқылықтарды пайдаланып, ұсақ келісімшарттар арқылы жалған тәжірибе жинап, үлкен тендерлерге бәсекесіз жолмен қатысып жүр. Сенатор сатып алу ережелерін қатаңдату, біліктілік талаптарын күшейту және рәсімге бақылауды арттыруды ұсынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети