Миллион теңгелік кереует: Қызылордада ауруханадағы алаяқтық ісі бойынша үкім шықты

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миллион теңгелік кереует: Қызылордада ауруханадағы алаяқтық ісі бойынша үкім шықты Фото:depositphotos.com

Қызылордада облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде ұрлық жасады деген іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде ұрлық жасады деген іс бойынша үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істе үш адам айыпталушы ретінде қаралған. Белгілі болғандай, Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас бухгалтері қызметін атқарған М. азаматтық некедегі жары У. және туған бауыры Ж.-мен алдын ала сөз байласу арқылы ауруханаға медициналық кереуеттерді сатып алу кезінде аса ірі көлемде қаражатты иемденіп кеткен. Бұл әрекеттері нәтижесінде мемлекетке 157 696 000 теңге көлемінде залал келтірілген.

Бұған дейін хабарланғандай, аурухана мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында 259 миллион теңгеге 220 медициналық кереует жеткізу туралы келісімшарт жасалған. Әр кереует 1,2 миллион теңгеге бағаланған, алайда нақты нарықтық құны 460 мың теңгеден аспаған.

"Сотта кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасауға қажетті талаптар орындалғаны, қылмыспен келтірілген залалдың өтелгені анықталды. Сот үкімімен айыпталушылар М.,У. және Ж.Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету") кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оларға 6 жыл бойы белгілі бір лауазымдарды атқаруға және белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды", – делінген сот хабарламасында.

Алайда, Конституцияның 30 жылдығына арналған рақымшылық заңы бойынша негізгі жаза мерзімі үштен бірге қысқартылды. Нәтижесінде айыпталушыларға 4 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айыру жазасы шартты жаза ретінде белгіленіп, сынақ мерзімі тағайындалды", – деп қосты Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Еске салайық, биыл шілдеде Қызылордада жұқпалы аурулар ауруханасының бас бухгалтері аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тергеу барысында күдіктінің азаматтық некедегі жары жалған баға ұсыныстарын дайындап, тендерге қатысу үшін пайдаланғаны анықталған. Тендердің қорытындысы бойынша аурухана мен серіктестік арасында 220 медициналық кереуетті 259 миллион теңгеге сатып алу туралы келісім жасалған. Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңгені құраса, оның шынайы құны 460 мың теңгеден аспаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети