Министрлік “арзан вакциналарға“ қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік “арзан вакциналарға“ қатысты пікір білдірді Фото:depositphotos.com

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған "балаларда ауру тудыратын арзан вакциналар сатып алынып жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған "балаларда ауру тудыратын арзан вакциналар сатып алынып жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакцина халықаралық және ұлттық деңгейде көпсатылы сараптамадан өтеді, тіркеуден өтеді және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) талаптарына, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат алады.

Министрлік вакциналар сатып алу тек сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері бойынша жүргізілетінін, "арзандығына қарап" таңдалмайтынын атап өтті.

"Вакциналар "балаларда ауру тудырады" деген мәлімдемелердің ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылаулар деректеріне қайшы. Керісінше, дәл вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқат пен өлім-жітімді айтарлықтай төмендетіп, мыңдаған ауыр асқыну мен өлім жағдайының алдын алуға мүмкіндік берді", - деп көрсетті Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік дерегінше, вакцинацияның арқасында балалар арасындағы қызылшаға шалдығу 90 пайыздан аса төмендеген, қызамық пен паротит - 95 пайызға азайған, полиомиелит 1996 жылдан бері, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмейді. Бұл ұлттық иммундау бағдарламасының тиімділігін растайды.

"Министрлік медициналық бейінді біліктілігі жоқ адамдар тарапынан осындай мәлімдемелердің таралуы ата-аналарды жаңылыстырып, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсірететінін және балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтеді", - деп ескертті ведомство.

Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне, дәрігерлердің ұсынымдарына және дәлелді медицина деректеріне сенуге, сондай-ақ, балалар денсаулығына қатысты мәселелерге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.

Контекст

Бұған дейін қоғам белсендісі Дидар Смағұлов Денсаулық сақтау министрлігінің көкжөтелге қарсы вакциналарды сатып алуында сыбайлас жемқорлық болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Смағұлов бірқатар жазба жариялап, министрлік вакциналарды заңбұзушылықтармен сатып алғанын және Sanofi фармкомпаниясының мүддесін лоббилегенін айтқан.

Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова айыптауларды жоққа шығарып, Қазақстанда вакцина таңдауы тек ғылыми деректер мен заңнамаға негізделетінін мәлімдеді және тараған ақпаратты теріске шығаруды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 511.37  course up  597.86  course up  6.31  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети