Министрлік қазақстандықтарға берілетін арнайы әлеуметтік төлемдерге қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік қазақстандықтарға берілетін арнайы әлеуметтік төлемдерге қатысты түсінік берді Фото: Tengrinews.kz

БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл өтілі болу керек деген ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.

"Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылып жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство бүгінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлады.

Әзірленген тәсілдер бойынша ақпарат БАҚ-қа және қоғамда қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети