Министрлік сиыр етін экспорттауға енгізілген шектеу себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік сиыр етін экспорттауға енгізілген шектеу себебін түсіндірді Фото:depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға енгізілген жаңа шектеулер тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға енгізілген жаңа шектеулер тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шектеулер қашан енгізіледі?

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан етті үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне экспорттауға арналған квоталарды бөлу қағидалары күшіне енді. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданыста болады. Ет экспортына берілетін жалпы квота көлемі – 20 мың тонна.

Квоталар қалай бөлінеді?

Министрліктің түсіндіруінше, квоталар бордақылау алаңдарындағы мал басын пайдаланып, ет өңдеу кәсіпорындары өндірген ірі қара мал етіне бөлінеді.

Бір қатысушыға берілетін квота мөлшері бордақылау базасының қуатына тікелей байланысты:

  • қуаты 5 мың басқа дейін - 1 мың тоннаға дейін;
  • 10 мың бас - 2 мың тоннаға дейін;
  • 15 мың бас - 3 мың тоннаға дейін;
  • 20 мың бас - 4 мың тоннаға дейін;
  • 50 мың бас - 10 мың тоннаға дейін.

Неге шектеулер енгізіледі?

Министрлік мұндай тәсіл толық циклді өндірушілерді қолдауға және сыртқы сауда операцияларының ашық болуын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Уақытша шектеулердің негізгі мақсаты:

  • азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • өнімді терең өңдеуді ынталандыру;
  • ашық статистика қалыптастыру;
  • еттің шығу тегі бойынша қадағалауды (трассабельділікті) күшейту.

Шараларды қабылдауға себеп болған жағдай - кейбір компаниялар мен шағын сою цехтары іс жүзінде мал бордақыламай, өз өндірістік базасын дамытпай-ақ, малды сатып алып қайта сату (делдалдық/алыпсатарлық) схемаларымен айналысқан.

АШМ дерегінше, мұндай схемалар делдалдық-алыпсатарлыққа жағдай жасап, сұраныс пен ұсыныстың нақты теңгерімін бұрмалаған. Бұл, өз кезегінде, ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әсер ететін факторлардың бірі болған.

Жаңа тәртіп экспорт нарығынан осындай алыпсатар делдалдарды ығыстырып, онда тек нақты мал өсіретін, өндіріске қаржы құятын және адамдарды жұмыспен қамтитын кәсіпорындардың қалуына бағытталған. Сонымен қатар, билік еттің есебі мен шығу тегін тіркеуді ретке келтіруді көздейді.

Бұған дейін АШМ басшысы Қазақстанда сиыр етін сыртқа шығаруды шектеудің себебін түсіндірген.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстанда сиыр етінің бағасы күрт өсті: дүкендерде ет 1 келісі 5–6 мың теңгеден сатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 508.96  course down  598.66  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети