"Мүмкін ол нақты біреуді айтқан шығар". ІІМ депутаттың әйелдер туралы айтқан сөзіне пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Анас Баққожаев. Фото: parlam.kz Анас Баққожаев. Фото: parlam.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың сөзіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың сөзіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат отбасылық және тұрмыстық зомбылыққа әйелдердің өздері кінәлі деп айтқан болатын.

"Жақында Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев отбасылық және тұрмыстық зомбылықтың себебі әйелдердің ұзын тілі деді. Мұндай мәлімдемелер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті тежейді деп ойламайсыз ба?",- деп сұрады журналистер Сенаттағы министр орынбасарынан.

"Мен депутаттың ұстанымына түсініктеме бере алмаймын, өйткені әрбір азамат, әсіресе депутат өз ұстанымының болуына құқылы. Тыңдадық, оның ұстанымын ескердік. Мүмкін ол нақты біреуді айтқан шығар, айта алмаймын. Мен оны жеке білмеймін. Сондықтан ол туралы жеке пікірімді білдіру қиын. Екіншіден, мемлекеттік қызметкер ретінде мен оған қатысты өз пікірімді айтуға құқым жоқ", - деп жауап берді Игорь Лепеха.

Журналистер депутатқа мұндай сөздерді айту қаншалық дұрыс екенін де сұрады, өйткені Қазақстанда зорлық-зомбылыққа жәбірленушінің өзін кінәлайтын жағдайлар жиі кездеседі. Бұған жауап ретінде вице-министр полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша барлық мәлімдемеге қатаң жауап беретінін және айыпталушылардың 90 пайызы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Егер құқықбұзушының іс-әрекетінде құрам болса, ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Бүгінде әкімшілік қамауға алынғандар саны үш есеге артты. Біз өтініш беру тәртібінен шықтық. Біз тіпті өтініш сұрамаймыз, өйткені полиция қызметкерлері шақырылған жерге жеткенше, құқықбұзушы жәбірленушіні арызынан бас тартуға мәжбүрлейді. Жағдайдың 90 пайызында біз абьюзерді әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Олардың көпшілігі әкімшілік қамауға алынады. Ұрып-соғып, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды. Яғни, бұл енді қылмыстық құқықбұзушылық болады", - деп толықтырды ІІМ министрінің орынбасары.

Бұған дейін Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға заң жобасы таныстырылған еді. Онда сөз сөйлеген депутат Анас Баққожаев "отбасындағы жанжал тілі ұзын әйелден шыға" деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro