АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жауап ретінде соққы жасамауды ескертіп, үндеу жасады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Иран жаңа ғана бүгін бұрын-соңды болмағандай өте ауыр соққы жасайтынын мәлімдеді. Мұны жасамағаны дұрыс. Егер ондай қадамға барса, оларға жойқын күшпен соққы жасаймыз! Назар аударғандарыңызға рақмет", - деп жазды АҚШ басшысы.
Бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілгеннен кейін жауап ретінде "Иран қарулы күштерінің тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын" бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күні деп белгіледі.
Ирандық БАҚ мәліметінше, Хаменеи қаза тапқаннан кейін ел қалаларының басты алаңдарына кек талап еткен мыңдаған адам жиналып жатыр. Сондай-ақ, елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!