Мутацияланған жаңа вирус COVID-19-дан да қауіпті болмақ - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мутацияланған жаңа вирус COVID-19-дан да қауіпті болмақ - БАҚ Фото:depositphotos.com

Құс тұмауы вирусы адамзат үшін COVID-19-дан да қауіпті пандемияны тудыруы мүмкін. Бұл туралы Франциядағы Пастер институтының Тыныс жолдарының инфекциялары орталығының директоры Мари-Анн Рамейкс-Вельти Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құс тұмауы вирусы адамзат үшін COVID-19-дан да қауіпті пандемияны тудыруы мүмкін. Бұл туралы Франциядағы Пастер институтының Тыныс жолдарының инфекциялары орталығының директоры Мари-Анн Рамейкс-Вельти Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "жабайы құстар, үй құстары мен сүтқоректілер арасында таралып жатқан құс тұмауы вирусы мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұға алатын болса, COVID-19-дан да ауыр пандемияға әкелуі мүмкін".

Маман адамдарда маусымдық тұмаудың H1 және H3 түрлеріне қарсы антиденелер бар, бірақ H5 құс тұмауына қарсы иммунитет жоғын айтты. Бұған ұқсас жағдай COVID-19 пандемиясының басында да болған, алайда қазіргі айырмашылық – коронавирус кезінде негізінен қауіп тобына жататын осал адамдар көбірек зардап шекті.

Ал тұмау вирустары дені сау адамдарға, соның ішінде балаларға да жұғады. Рамейкс-Вельтидің пікірінше, құс тұмауы пандемиясы COVID-19-дан да ауыр болуы ықтимал.

Агенттік мәліметінше, бұған дейін құс тұмауының H5 вирусын, соның ішінде H5N1 түрін адамдар жұқтырған, алайда көбіне олар бұл вирусты жұқтырған жануарлармен тығыз байланыста болған. Жақында АҚШ-тың Вашингтон штатында H5N5 вирусын жұқтырған ер адам қайтыс болды.

Рамейкс-Вельтидің айтуынша, әлем бұл қауіпке коронавирусқа қарағанда жақсырақ дайындалған. Бұдан бөлек, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ғылыми бөлімінің басшысы Грегорио Торрес адамдар арасында жаһандық пандемия қаупі төмен деңгейде деген пікір білдірді. Ол қазір алаңдауға негіз жоқ екенін, адамдардың табиғатта еркін жүріп, тауық етін және жұмыртқаны қорықпай жей алатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети