Депутат Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" мұнай компаниясының бас директоры Лю Цзиньченді сынға алды. Бұл жағдай Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "Матен Петролеум" АҚ бас директоры Лю Цзиньченнен компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттары бар-жоғын сұрады.
Бұл сауалға бас директордың орынбасары жауап беруге тырысты, бірақ депутат қарсылық білдірді:
"Жоқ, өзі жауап берсін. Ол бас директор ретінде отыр, жалақы алады. Жоғары жалақы алады. Лю мырза, айтыңызшы, ұзақ мерзімді келісімшарттар бар ма, жоқ па?"
"Бар", - деп жауап берді ол.
"Қанша?" - деп нақтылады депутат.
Осы кезде көмекшілерінің бірі Лю Цзиньченге жауап беруге көмектесе бастаған. Еділ Жаңбыршин бұған назар аударып, компанияға сұрақтар алдын-ала жіберілгенін жеткізді.
"Дайын емессіз бе? Сізге осы сұрақтарды жібердік қой", - деді депутат.
"Есте сақтау қабілетім нашар", - деп жауап берді Лю Цзиньчен.
Осыдан кейін бас директор көмекшісінің жауаптарын қайталай бастаған.
"Кешіріңіз, екі алатын оқушы сияқтысыз. Бас директор ретінде кіммен ұзақмерзімді келісімшарт жасалғанын, қандай тауар позициялары бойынша жасалғанын, компаниялар қайда орналасқанын, келісім сомасы мен мерзімін нақты білуіңіз керек қой. Бар болғаны - алты компания", - деді депутат Еділ Жаңбыршин.
Депутат компания басшыларынан жазбаша жауап беруді талап етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!