23 наурыз 2014 | 22:06

Назарбаев Саммитке қатысу үшін Нидерландыға ұшып барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші ғаламдық Саммитке қатысу үшін Нидерланды Корольдігіне ұшып барды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммит 2014 жылы наурыздың 24-25-і күндері Гаагада өтеді. Кездесу барысында әр мемлекеттің өкілдері ғаламдық қауіпсіздік мәселесін талқыға салып, өзара кездесулер де өткізетін болады. Сапар аясында Назарбаев Нидерланды Королімен және Премьер-министрімен кездесуді жоспарлаған. Бұған дейін Нидерландының сыртқы істер министрі Ганс Тиммерманс басқа басқа дәл осы мәселе бойынша Қазақстаннан артық ешкім білмейтінін айтып қалған еді. "Семей полигоны аумағында әр жылдарда өткізілген ядролық сынақтардың зардабын жергілікті халық әлі күнге дейін тартып келеді. Қазақстан бұл салада шығынның да көп болатынынан хабардар. Сол себепті біз қауіпсіздік мәселесі төңірегінде жалпылама халықаралық жүйе құруымыз керек. Бұл мәселеде Қазақстанның ұстанған саясатын бүкіл әлем қолдап отыр", - деді елші. Еске саламыз, ядролық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы Саммит 2010 жылы Вашингтонда АҚШ президенті Барак обаманың бастамасымен өткен болатын. Екінші Саммит 2012 жылы Сеулде өтсе, Гаагада өткелі тұрған шара үшіншісі болып есептеледі.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети