Несие алдың – жәрдемақысыз қалдың: Министр жаңа құжатты түсіндірді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несие алдың – жәрдемақысыз қалдың: Министр жаңа құжатты түсіндірді Фото:depositphotos.com

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен брифингте несиесі бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру тәртібіне қатысты бастаманы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен брифингте несиесі бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру тәртібіне қатысты бастаманы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Онда несие алған отбасыларға АӘК төлеу шарттары қайта қарастырылуы мүмкін екені айтылған.

Несиесі барларға АӘК беріле ме?

Жақыпова жобаның негізгі логикасын түсіндірді: атаулы әлеуметтік көмек қарызды жабу үшін арналмаған. Сондықтан есептеу кезінде отбасының несиеге жұмсайтын шығыны ескерілмек.

"Мәселен, үш адамнан тұратын отбасы 3 миллион теңге несие рәсімдеді делік. Ай сайынғы төлем әрқайсына 300 мың теңгеден келеді. Бұл табыс кедейлік шегінен жоғары болғандықтан, оларға АӘК тағайындалмайды. Ал егер несие көлемі шағын болса, мысалы 300 мың теңге, есеп керісінше табыстың кедейлік шегінен төмен екенін көрсетеді. Бұл жағдайда АӘК беріледі", – деді министр.

Ол сондай-ақ аталған өзгерістер ипотекалық несиеге қатысты емес екенін атап өтті.

Әзірге жоба ғана

Жақыпованың сөзінше, құжат әзірге заңдық күшке ие емес. Қазір ол тек қоғамды ақпараттандыру және ұсыныстар жинау мақсатында талқылауға ұсынылған.

"Біз фокус-топтарға көпбалалы аналарды, сарапшыларды, экономистерді тартып отырмыз. Бүгінде цифрлық отбасы картасы әр отбасының мінез-құлық факторын көрсетіп, әлеуметтік әділеттілік жүйесіне ықпал етіп отыр", – деді министр.

Кімдерге әсер етеді?

Adam Research сарапшыларының дерегінше, ең әлсіз топ – ауылдағы көпбалалы отбасылар. Көбінің жан басына шаққандағы табысы 50 мың теңгеден төмен, ал 13 пайызы – жұмыссыз. Күнделікті тұрмысқа қажет киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты заттарға несие алатын да – осы отбасылар. Сондықтан жаңа ереже енгізілсе, дәл солардың жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети