Нұрайдың өліміне қатысты іс: Шымкентте жаңа прокурор тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрайдың өліміне қатысты іс: Шымкентте жаңа прокурор тағайындалды Фото:gov.kz

Елдос Сағиев Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Сағиев Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Шымкент қаласының прокуроры қызметін Ғабит Мұқанов атқарған.

Елдос Сағиев туралы не белгілі?

Елдос Сағиев прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдар атқарды.

2022 жылғы тамыздан бастап Бас прокуратураның Соталды тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.

Нұрайдың өліміне қатысты іс

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды.

Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.

Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети