Нұрлан Мәсімов сотта шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Мәсімов сотта шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындады

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов сотта Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов сотта Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысы кезінде ол шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындап, бұл "аса қажеттіліктен болды" деп мәлімдеді. Айыпталушының айтқанын журналистерге Нұрлан Мәсімовтің адвокаты Дмитрий Куряченко да растады.

Нұрлан Мәсімовке аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған. Бұрынғы полицейге қатысты баптардың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Нұрлан Мәсімовке "Аса ірі мөлшерде пара алу", "Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе жымқыру", "Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту" деген үш бап бойынша айып тағылып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети