Нью-Делидегі әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Делидегі әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады kfb.kz

Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін әлем чемпионатының жүлдегерлері Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова және Рябец алғашқы кездесулерін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін әлем чемпионатының жүлдегерлері Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова және Рябец алғашқы кездесулерін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Алуа Балқыбекова сингапур боксшысы Кей Ван Чи Ваймен, Жайна Шекербекова (54 келі) Е Чжи Иммен (Оңтүстік Корея), ал Надежда Рябец осы елдің тағы бір өкілі Сен Суджинмен (66 келі) жұдырықтасады.

Олар рингке Астана уақыты бойынша 14:30-да басталатын күндізгі сессияда бірінші, сегізінші және оныншы болып рингке шығады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Қазақстан құрамасының 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысатын боксшы қыздардың тізімі: Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Надежда Рябец (66 келі), Мадина Нұршаева (70 келі), Валентина Халзова (75 келі), Фариза Шөлтай (81 келі), Ләззат Күңгейбаева (+81 келі).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети