Нью-Йоркте түнгі клубта жаппай атыс болды. Зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йоркте түнгі клубта жаппай атыс болды. Зардап шеккендер бар Фото: New York Post/ Robert Mecea

Нью-Йорк штатының Квинс қаласындағы түнгі клубта жаппай атыс болды. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нью-Йорк штатының Квинс қаласындағы түнгі клубта жаппай атыс болды. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздер мен Нью-Йорк полициясының хабарлауынша, Amazura түнгі клубының алдында болған жаппай атыс кезінде кем дегенде 11 адам жараланған. Зардап шеккендердің көпшілігі жасөспірімдер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқ атқан адам қаруланған болуы мүмкін. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та тағы бір қайғылы оқиға болған еді. Туристерге танымал Француз орамында 1 қаңтар күні таңғы сағат 3:15-те Жаңа Орлеанда Жаңа жылды тойлау кезінде атыс болған. Куәгерлердің айтуынша, пикап көлігі көп адамдарды соғып өтіп, артынша жүргізуші көліктен шығып, оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша 15 адам қаза тапты.

Кейін қылмыскердің кім екені белгілі болды. Болжам бойынша күдікті 42 жастағы Шамсуд Дин Джаббар екені анықталды. Ол полициямен атыс кезінде қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети