31 желтоқсанда Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, аты аңызға айналған ойыншы әрі жаттықтырушы Вадим Хамутцких 52 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.
Атақты спортшы неден қайтыс болғаны айтылмады.
"Ресейлік және әлемдік волейбол үшін орны толмас қаза болды. "Белогорье" волейбол клубы Вадим Анатольевичтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Даңқты ойыншымен қоштасу рәсімі туралы ақпарат кейін жарияланады", - делінген хабарламада.
Хамутцких ұлттық командамен бірге Сидней Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Афина мен Бейжің Олимпиадасында құрамамен бірге қола жүлдеге ие болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!