Олжас Бектенов референдумда дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бектенов референдумда дауыс берді Фото © Tengrinews.kz

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олжас Бектенов өз таңдауын елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде жасады.

Орталық референдум комиссиясында дауыс берудің басталғаны туралы мәлімдеді.

Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар жабылғаннан кейін бюллетеньдер саналады. Кейбір учаскелер (негізінен әскери бөлімдерде) сағат 06:00-де ертерек ашылды. Шетелде дауыс беру Жапония мен Оңтүстік Кореяда жергілікті уақыт бойынша жүргізіліп жатыр.

Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.

Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.

Дауыс беру құқығына 18 жасқа толған және сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтары ие.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.2  course down  562.33  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети