Омбы – Майқапшағай трассасындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омбы – Майқапшағай трассасындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты Видео кадры

Омбы – Майқапшағай трассасында болған бірнеше жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омбы – Майқапшағай трассасында болған бірнеше жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаларға жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы себеп болған. Атап айтқанда, қарсы бағытқа шығу және тұтас сызық бар жерде бұрылу әрекеттері.

"Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушіге жолда барынша мұқият әрі жауапты болуды ескертеді. Есте сақтаңыздар, сізді үйде жақындарыңыз күтіп отыр", – деді полицейлер.

Еске салайық, кеше Павлодар – Қызылорда трассасында, Атамекен ауылы маңында көлік жылқымен соқтығысып, екі адам қаза тапқан, тағы бір адам жарақат алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.08  course up  594.46  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети