04 қараша 2023 12:32

Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себебі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

azh.kz azh.kz

Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себептері жарияланды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сервистік ұйымдармен өткен жиында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.


Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себептері жарияланды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сервистік ұйымдармен өткен жиында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиында 2023 жылдың 9 маусымында болған Маңғыстау облысындағы Қаратұрын Оңтүстік кен орнындағы №303 ұңғымадағы апатты тексеру қорытындысы жарияланды.

Құрылған комиссия тексеру жүргізіп, апаттың себептері мен мән-жағдайларын анықтады. Атап айтқанда қосалқы мердігер "Заман Энерго" ЖШС:

  • ұңғымаларды жобалық құжаттамасыз бұрғылаған;
  • жобалық құжаттамаға сәйкес жабдықталмаған бұрғылау қондырғысымен бұрғылау жұмыстарын жүргізген;
  • ұңғыма құрылысының технологиялық процесін бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген;
  • апат алдындағы жағдайларды дер кезінде тану және шығарындының алдын алу мақсатында аспапты көтерер алдында ұңғыманы шаймаған;
  • түсіру-көтеру операциялары кезінде көтерілген (түсірілген) бұрғылау құбырларының көлеміне сәйкес ұңғымаға құйылған (ығыстырылған) бұрғылау ерітіндісінің көлемін бақыламаған;
  • бұрғылау ерітіндісіндегі газдардың концентрациясын бақыламаған.

Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы "Бозашы Мұнай" ЖШС мен мердігер "Сaspian Drilling" ЖШС:

  • бұрғылаудың технологиялық процестеріне дұрыс өндірістік бақылау жасамаған;
  • ұңғымаларды салу кезінде бұрғылау ерітіндісін дайындау, өңдеу, салмақтау және тазалау әдістеріне авторлық қадағалау жүргізбеген;
  • тиісті бұрғылау қондырғысының жұмысына бақылау жасамаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети