Оңтүстік Қазақстанда жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылған Видео кадры

Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та "Түркістан облысында жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та "Түркістан облысында жігіт көкпардан кейін аяусыз соққыға жығылғаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Желідегі мәліметке сүйенсек, Сайрам ауданында бір топ адам 20 жастағы жігітті соққыға жыққан. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, кикілжің күндіз көкпар кезінде басталып, кешке күдіктілер жігітті "сөйлесуге" шақырған. Жақындары соққыға жығылған жігітті екі сағаттан кейін тапқанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jagdai. Новости Казахстана. (@jagdaikz)

Полиция не дейді?

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Сайрам ауданының тұрғыны дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама 7 ақпанда түскен.

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды, куәгерлерді анықтады. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті екі тұрғын ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот ұсталғандарға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

"Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жалғасып жатыр. Туыстарының айтқан уәжі зерттеліп, тексеріледі. Қазір жәбірленуші медициналық мекемеде емделіп жатыр", - деді полиция.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданбақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course down  582.69  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети