Оралда 13 жастағы қыз көпір үстінде қаза тапты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 13 жастағы қыз көпір үстінде қаза тапты Фото:depositphotos.com

Оралда жеңіл автокөлік 13 жастағы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жеңіл автокөлік 13 жастағы қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше Автопарк маңындағы көпірде болған.

"20 маусымда шамамен 17:30-да С. Датұлц көшесіндегі жол өткелінде (көпірде) 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қыз белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде оны "Lada Granta" көлігін басқарып отқан 1999 жылы туған жүргізуші қағып кеткен", – делінген хабарламада.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келген бойда қызды аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимастан алған жарақатынан көз жұмған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бір отбасының бес бірдей баласы қаза тапқан еді.

Сондай-ақ Қарағанды облысының Топар кентінде үйіне теміржол бойымен қайтып келе жатқан әйелді пойыз қағып кеткені хабарланған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға билікті кінәлап, ең болмағанда жарық, жол және қауіпсіз өткел талап етіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети