“Өскемен – Рахман қайнары“ тас жолы екі айға жабылады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Өскемен – Рахман қайнары“ тас жолы екі айға жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ШҚО-да "Өскемен – Рахман қайнары" автожолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚазАвтожол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да "Өскемен – Рахман қайнары" автожолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚазАвтожол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2025 жылғы 20 тамыз-30 қазан аралығында республикалық маңызы бар KAZ16-01 "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автомобиль жолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде көлік құралының барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл шара таулы аймақтағы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын қиыршық тасты жолда (ені 5 метр) орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қабылданды. Учаскенің бір жағында жартасты жоталар, екінші жағында тік жар орналасқандықтан, айналма жол немесе кері бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру мүмкін емес", - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары аясында:

- кювет пен терең дренаждар орнатылады;
- 17 темірбетон құбыры және 3 су өткізу нысаны салынады;
- күрделі бөліктерде гидробойка қолдана отырып, жол төсемі кеңейтіледі.

Жөндеу жұмыстары барысында тастар құлауы мүмкін, сол себепті қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз мақсатында шектеу енгізіліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети