Өскеменде мас күйде көлік жүргізген прокурор қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде мас күйде көлік жүргізген прокурор қамалды Фото:gov.kz

Өскеменде мас күйде көлік жүргізген прокурор жүргізуші куәлігінен айырылып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде мас күйде көлік жүргізген прокурор жүргізуші куәлігінен айырылып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде прокурордың жол апатына түскені туралы ақпарат тараған еді. Ол мас күйінде көлік жүргізіп, бағанға соғылған, кейін оқиға орнынан қашып кетпек болған. Сараптама барысында оның қанынан алкоголь мен марихуана табылғаны айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы бұл жағдайды растады және қызметкер әрекеті үшін жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

"Құқық қорғау органының абыройына нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасының прокуроры Пан В.Б. прокуратура органдарынан "1-дәрежелі заңгер" шенінен айырылып, қызметтен босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, 3 қазанда әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот бұрынғы прокурорды 20 тәулікке қамауға алып, оны 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети