Өскеменде полиция спорт турнирінде болған төбелесті тергеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде полиция спорт турнирінде болған төбелесті тергеп жатыр Видео кадры

Өскеменде өткен облыстық дзюдо жарысы кезінде болған оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде өткен облыстық дзюдо жарысы кезінде болған оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видео резонанс тудырды. Куәгерлер түсірген жазбада жанжалдың қалай басталғаны көрінбейді.

Соған қарамастан, кей пайдаланушылар жанжалға ата-аналар, бапкерлер мен спортшылар қатысқанын, тіпті бір бапкердің ауыр жарақат алғанын айтты. Пікірлерде полицияның әрекетсіздігі және олардың оқиғаны жасырмақ болғаны туралы болжамдар да айтылды.

Ал полиция басқармасы таратқан мәліметке сай, жаппай төбелес туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Ведомство дерегінше, қақтығыс екі адамның арасында болған.

"Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Соталды тергеу басталды. Болған жағдайдың барлық қырын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция.

Тергеушілер жанжалға қатысқандар мен куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп жатыр. Қақтығыс салдарынан зардап шеккендер туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети