18 наурыз 2023 | 17:48

Отбасы банк салымшылары 10 пайыздық өтемақыны қашан алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

17-18 наурызда Отбасы банк салымшыларының шоттарында 10 пайыздық өтемақы түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

17-18 наурызда Отбасы банк салымшыларының шоттарында 10 пайыздық өтемақы түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 наурызда Отбасы банкіне 115,1 миллиард теңге қаражат түсті. Ал бүгін, 2023 жылдың 17 наурызында, өтемақы аудару басталды. Қаражат банкте ашылған 883 071 депозитке аударылады", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Теңгемен жиналған депозиттерді қорғау бағдарламасының ережелеріне сәйкес, өтемақы 20 миллион теңгеден аспайтын салым сомасына 10% көлемінде есептеледі. Бұл – бір банкте ашылған барлық депозиттің жалпы сомасы.

"200 000 теңге көлеміндегі өтемақыға салымшыларының 80 пайызға жуығы қол жеткізеді. Клиенттердің тағы 13,3 пайызы 200 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі соманы алады. 1 миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік қолдауды салымшылардың 4% иемденеді. Ал 2 миллион теңге көлеміндегі ең жоғары сома 2 375 депозит иелерінің есепшотына түседі", - делінген хабарламада.

Өтемақы 2023 жылғы 10 ақпанға дейін өтініш берген салымшыларға ғана аударылады. Депозиттен ақша ішінара шығарылса, онда өтемақы сақталған депозиттің ең аз қаржы қалдығына есептеледі. Сонымен бірге 2022 жылғы 23 ақпаннан кейін жинаққа толықтырылған қаражат есепке алынбайды.

Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозитті қамтамасыз ету ретінде берілсе, сонымен бірге бұл депозит 2022 жылғы 23 ақпанға дейін сақталса, онда бұл салым бойынша да өтемақы қарастырылады.

Өтемақы мына депозиттерге төленбейді:
1) 2023 жылдың 23 ақпанына дейін (қоса алғанда):
- жабылған депозиттер;
- кепіл ретінде болған, кейін несие өтеліп, келісімшарты тоқтатылған депозиттер;
- тұрғын үй заемына көшкен/тұрғын үй заемы рәсімделген, оның ішінде автоматты түрде көшкен депозиттер бойынша;
2) депозит онлайн табыстау қызметі арқылы (ақылы түрде) сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.
3) депозит 23.02.2023 жылға дейін (әмбебап құқыққа ие болу тіркеуін қоса алғанда) 10.02.2023 жылға дейін өтемақы алуға өтініш бермеген салымшыға табысталған жағдайда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети