Пәкістан Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды Фото: x.com/whitehouse

Пәкістан билігі АҚШ президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістан билігі АҚШ президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімдеме 21 маусымда Пәкістан үкіметінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Аймақтағы шиеленіс күшейген тұста президент Трамп Исламабад пен Нью-Делимен белсенді дипломатиялық диалог жүргізе отырып, стратегиялық ойлау мен көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерін көрсетті", – делінген жазбада.

Үндістанмен туындаған дағдарысты реттеуде Трамптың рөлі ерекше болғаны атап өтілді. Ол жанжалдың ушығуын тежеуге, атысты тоқтатуға және ядролық қаруы бар екі ел арасындағы ауқымды соғыстың алдын алуға мүмкіндік берді делінген.

Пәкістан билігі Трамптың бұл әрекетін "нағыз бітімгер" деп бағалады.

Сондай-ақ, мәлімдемеде президент Трамптың Кашмирге қатысты Үндістан мен Пәкістан арасындағы көп жылдан бергі даулы мәселеге арағайындық жасап, бейбіт жолмен шешуге ұсынған шынайы көмегі ерекше атап өтілді. Бұл мәселе өңірлік тұрақсыздықтың басты себебі болып отыр.

2025 жылғы Пәкістан мен Үндістан арасындағы дағдарыста Трамптың көшбасшылық танытуы оның прагматикалық дипломатия мен тиімді бітімгерлік жолын жалғастырып келе жатқанын көрсетті.

Исламабад АҚШ басшысының бұл қадамы Оңтүстік Азия аймағы мен бүкіл әлемде, әсіресе Таяу Шығыстағы дағдарыстар аясында (оның ішінде Газа секторындағы гуманитарлық апат пен Иранға қатысты шиеленіс) тұрақтылық орнатуға сеп болады деген үмітін білдірді.

Айта кетейік, 10 мамырда Ақ үй басшысы Үндістан мен Пәкістан "толық әрі дереу атысты тоқтату" туралы келісімге келгенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл келісім АҚШ-тың делдалдығымен жүзеге асқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети