Пара алу күдігіне ілінген көлік вице-министрі қызметінен босатылды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пара алу күдігіне ілінген көлік вице-министрі қызметінен босатылды Фото:gov.kz

Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Үкіметтің баспасөз қызметі растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Үкіметтің баспасөз қызметі растады.

Тамыз айының басында бірқатар Telegram-арна вице-министр Сәтжан Аблалиевтің пара алып жатқан жерде ұсталғаны туралы хабарлаған. Кейінірек Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі вице-министрдің ұсталғанын растады, бірақ оның есімі нақты аталмады.

"ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікпен көлік вице-министрін ұстады және ол сот санкциясымен қамауға алынды", – делінген ведомство хабарламасында.

Қызмет пара алу фактісі бойынша жедел түсірілген бейнематериалдарды жариялады. Кадрларда құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып, кейін оның үйінде тінту жүргізіп жатқаны көрінеді. Тергеу барысында вазадан қомақты көлемде қолма-қол ақша тәркіленген. Айта кетейік, Көлік министрлігінің сайтынан Сәтжан Аблалиев туралы ақпарат жойылған. Бұған дейін оның аты-жөні "Құрылым" бөлімінде көрсетілген еді.

Кеше ғана Премьер-министр Олжас Бектенов кеден қызметінің жұмысын дұрыс ұйымдастырмағаны және Ресей мен Қырғызстан шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерінің жөндеу жұмыстарын кешіктіргені үшін салалық министрліктерді сынға алған болатын.

Бектенов Мемлекеттік кірістер комитеті мен Автомобиль жолдары комитетінің басшыларын "жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны" үшін жазалауды тапсырды. Ал бұл комитеттерге жауапты Қаржы министрі Мәди Такиев пен Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты өңірлерге жіберіп, тәртіп орнатуды жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети