Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады? ҰОК

7 наурызда Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


7 наурызда Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біздің паралимпиадашылар спорттың екі түрі бойынша сынға түседі.

Сағат 14:35-те отырып жарысатын ерлер арасындағы парабиатлонда Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин бақ сынады.

Ал Қазақстан үшін жарыс күні ерлер арасындағы тік тұрып жарысатын парабиатлонмен аяқталады. Сағат 16:40-та Александр Герлиц сөреге шығады.

Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN PARALYMPIC TEAM 🇰🇿 (@kazparalympics)

Еске салайық, XIV қысқы Паралимпиада ойындары Италияда 6-15 наурыз аралығында өтеді. Жарыста парашаңғы жарысы, парабиатлон, арбадағы кёрлинг, парасноуборд, тау шаңғысы және парахоккей бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады. Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Атап айтсақ, пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин, ал пара шаңғы жарысынан – Нурлан Алимов, Владислав Кобаль және Анна Грачёва.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети