Парижде жаңа мемлекет құру туралы келісімге қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде жаңа мемлекет құру туралы келісімге қол қойылды lnc.nc

Парижде Франция үкіметі мен Жаңа Каледония архипелагы тұрғындарының өкілдері арасында Парижде келісімге қол қойылды. Архипелаг Францияға ішінара тәуелді бола отырып, автономия алады. Франция премьер-министрі Франсуа Байру бұл "тарихи" келісім екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Les Nouvelles Calédoniennes басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парижде Франция үкіметі мен Жаңа Каледония архипелагы тұрғындарының өкілдері арасында Парижде келісімге қол қойылды. Архипелаг Францияға ішінара тәуелді бола отырып, автономия алады. Франция премьер-министрі Франсуа Байру бұл "тарихи" келісім екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Les Nouvelles Calédoniennes басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, келісімде Жаңа Каледония азаматтығын енгізу қарастырылған. Архипелаг тұрғындары бұл азаматтықты француз азаматтығымен қатар ала алады. Сондай-ақ жаңа мемлекет өз сыртқы саясатын дербес жүргізе алады.

Тұрғындардың өзін-өзі билеуі туралы жаңа референдум өткізу идеясы алып тасталды, бірақ келісім Жаңа Каледония тұрғындарының дауыс беруіне шығарылады. Ал провинциялық сайлаулар 2026 жылғы мамыр-маусымына шегеріледі деп күтіледі.

Жаңа Каледония мемлекетінің құрылуы жөніндегі мәселе архипелагта референдумға, сондай-ақ Франция парламентінде дауыс беруге ұсынылады.

Еске салайық, 2024 жылғы көктемде Париж ұсынған сайлау реформасына байланысты Жаңа Каледонияда жаппай тәртіпсіздіктер басталған еді.

Наразылықтарға Франция парламенті ұсынған заң жобасы себеп болды. Ол бойынша жергілікті сайлауда дауыс беру құқығы архипелагта 10 жылдан аса уақыт тұрақты тұрып жатқан адамдарға да берілмек. Қазіргі заң бойынша, 1998 жылға дейінгі тізімге енген азаматтар мен олардың балалары ғана дауыс бере алады. Бұл өзгеріс референдумдарда тәуелсіздікке дауыс берген байырғы тұрғындар - канактардың (халықтың шамамен 40%-ы) ықпалын әлсіретуі мүмкін деп бағаланған.

Жаңа Каледония туралы не белгілі?

Франция Жаңа Каледонияны 1853 жылы отарлап алған. 1946 жылы оған Францияның теңіз аумағы мәртебесі берілді. Бүгінде Жаңа Каледония - әлемдегі никель өндіретін үшінші ірі аймақ, алайда бұл сала дағдарыста, ал әр бесінші тұрғын кедейлік шегінен төмен өмір сүреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети