Пәтерінен айырылған профессорға белгісіз азамат 23 млн теңге әкеліп берді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәтерінен айырылған профессорға белгісіз азамат 23 млн теңге әкеліп берді facebook.com.kaken.kamzin

Бір жарым ай бұрын алаяқтардың арбауына түсіп, баспанасынан айырылып қала жаздаған профессор Кәкен Қамзинге Президентке жолдаған үндеуінен кейін аты-жөнін атамауды сұраған бір азамат жетпей тұрған 23 миллион теңгені қолма-қол әкеліп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір жарым ай бұрын алаяқтардың арбауына түсіп, баспанасынан айырылып қала жаздаған профессор Кәкен Қамзинге Президентке жолдаған үндеуінен кейін аты-жөнін атамауды сұраған бір азамат жетпей тұрған 23 миллион теңгені қолма-қол әкеліп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүйінші жаңалықпен профессор өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Құрметті ағайын! Бір жарым ай бұрын баспанамнан айрылып қала жаздаған ауыр жағдай бастан өтті. Өкінішке қарай, алаяқтарға алданып, үйімді қайтарып алу үшін шілденің 5-інен бастап ел-жұрттан "жылу" жинауға мәжбүр болдым. Бұл мен үшін де, отбасым үшін де оңай шешім болмады. "Өлімнен ұят күшті" дейді. Бірақ сіздердің шынайы жанашырлықтарыңыз, қолдауларыңыз, жылы сөздеріңіз бізге үміт сыйлады.Аллаға мың да бір шүкір, бүгін сол "жылу" жинауды ресми түрде тоқтататынымды қуана хабарлаймын. Осылайша, жиналған қаражат 9 529 836 теңгеге жетті", – деп жазды ол.

Профессор енді үйін сатып алған отбасыға қаржыны толықтай қайтарып, баспанасын өз атына қайта рәсімдейді.

"Ал енді ең күтпеген әрі жүректі елжіреткен сәт – бүгін бір қайырымды азамат (аты-жөнін айтпауды сұрады) жетпей тұрған үлкен соманың барлығын (23 млн теңге) қолма-қол әкеліп берді. Бұл тек қаржылай көмек қана емес, бұл – сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын! Отбасына, өзіне тек жақсылық тілеймін! Ризашылығымды білдіремін! Енді Алланың қалауымен сатып алушы отбасыға толық ақшасын табыстап, үйді өз атыма қайта рәсімдеуге кірісеміз. Бұл оқиға маған бір нәрсені анық дәлелдеді: қазақтың бауырмалдығы, бір-біріне деген жанашырлығы әлі де бар, жоғалған жоқ. Алла баршаңызға разы болсын!", – деп жазды Қамзин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети